ОҚО-ның түлектері 25 жылдық кездесулерін Дубайда өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-ның түлектері 25 жылдық кездесулерін Дубайда өткізді

ОҚО-ның түлектері 25 жылдық кездесулерін Дубайда өткізді

 

  • 10 Маусым 2016
  • 1373
Фото - Caravan.kz

ОҚО Қазығұрт ауданына қарасты Шарапхана ауылының бұрынғы «Қаратас» орта мектебінде білім алған 1974-жылы туған түлектер өздерінің 25 жылдық кездесуін Дубайда атап өтті. Бұл туралы zamana.kz-ға сілтеме жасап караван.кз хабарлайды.

Өсіп өнген ауылдан жырақта БАӘ-де өткен басқосуды ұйымдастырған сыныптастардың бірі Ержан Долдаев есімді кәсіпкер. Оған кеткен шығынды да кәсіпкер азамат өз қалтасынан төлеген. Дубайға  жалпы саны 12 сыпыптас жұбайларымен бірге жол тартыпты.  

Шетелге барып демалып келгендердің бірі – Нұрғали Оңғарбаев сапардан үлкен әсер алғанын айтады.

 «Абу-Дабидегі ең үлкен мешіттерді көрдік, «Сафари» деген құмды аймағын да аралап шықтық. Керемет енді, сөзбен айтып жеткізу қиын. Құмның ортасында арабтардың баяғы замандағы тұрмыс-салтын сипаттайтын арнайы орталық ашып қойған екен»,- деді  Н.Оңғарбаев.

1991-жылы Шарапхананың мектебін бітірген түлектер құмды елде 5 күн демалып қайтқан.


«Негізі жылына бір, тым құрығанда екі жылда бір рет отбасыңмен демалған дұрыс екен. Күнделікті күйбең тіршілік күні кешеге дейін демалыс туралы ойлауға мұрша бермеп еді. Дубайға барып келіп біз адамға бір сәт демалыс керек екен деген ойда қалдық», – дейді Нұрғали Оңғарбаев.

Жомарт кәсіпкер қазір өз қаражаты есебінен Шарапхана ауылының кіре берісінен үлкен спорттық алаң салып жатыр. 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар