Оқу жылын ортасынан бастаған педагогтердің еңбек демалысы қалай есептеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқу жылын ортасынан бастаған педагогтердің еңбек демалысы қалай есептеледі

Оқу жылын ортасынан бастаған педагогтердің еңбек демалысы қалай есептеледі

Оқу-ағарту министрлігінің Facebook-тегі онлайн платформасында өткен жиында оқу жылын ортасынан бастаған педагогтердің еңбек демалысы қалай есептелетіні түсіндірілді.

  • 14 Маусым 2023
  • 25
Фото - Caravan.kz

Оқу-ағарту министрлігі еңбекақы төлеу әдістемесі басқармасының басшысы Гүлайым Тоқпанованың айтуынша, әр педагогтің еңбек демалысына берілетін күнді арнайы формула арқылы есептеуге болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат — қа сілтеме жасап. 

«Еңбек кодексі бойынша еңбек демалысын белгілеген кезде педагогтің іс жүзінде жұмыс істеген кезеңі есепке алынады. Яғни, жұмыс істеп шыққан айлары есептеледі. Егер педагог жұмысқа қыркүйек айында тұрған болса, іс жүзінде тура 9 ай жұмыс істеп шықса, демалыс күндерін есептеу үшін мынандай формула қолданылады. 56 күнтізбе күні 12 айға бөлінеді де, іс жүзінде жұмыс істелген 9 айға көбейтіледі. Сондықтан, 9 ай жұмыс істеген педагог 42 күнтізбе күнін еңбек демалысы ретінде алады», — деді ол.

Сондай-ақ басқарма басшысы қаңтардан бастап қана жұмысқа кірген педагогтің еңбек демалысы қалай есептелетінін түсіндірді.


«Ал педагог қаңтар айында ғана жұмысқа тұрған болды дейік. Ол тура 5 ай жұмыс істеді деген сөз. Оның еңбек демалысын да жаңағыдай формуламен есептейміз. Яғни, берілетін еңбек демалысының мерзімі 24 күн болады. 56-ны 12-ге бөліп, 5-ке көбейтеміз. Сонда 24 күн шығады.

Жұмыс істеген кезеңі тура бір жылға толмаған педагогтер толық 1 жыл үшін берілетін 56 күн еңбек демалысының қалған күндерін жұмыс істеген кезеңі толық бір жылға толғанда қосымша алуға құқылы. Яғни, педагогтің қалған күндері күйіп кетпейді», — дейді Гүлайым Тоқпанова.

Соңғы жаңалықтар