О.Құдайбергенов: Теңгенің долларға шаққандағы бағамы таяу күндері 198 теңгеден асуы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
О.Құдайбергенов: Теңгенің долларға шаққандағы бағамы таяу күндері 198 теңгеден асуы ықтимал

О.Құдайбергенов: Теңгенің долларға шаққандағы бағамы таяу күндері 198 теңгеден асуы ықтимал

Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов теңге бағамының өзгеруіне орай өз пікірін білдірді. 

  • 19 Тамыз 2015
  • 297
Фото - Caravan.kz


«Бүгінде KASE-де орташа сараланған теңге бағамы 1 долларға 188,38 теңгені құрады. Дегенмен, әрине, барлығы да сауда-саттықтағы ең жоғары ұсыныс бағамы 1 долларға 197 теңге құрағандығына назар аударды. Толықтай алғанда, бұл бағдар дәлізінің бұған дейін белгіленген ең жоғарғы шегі 198 теңгенің таяу күндері еңсерілетіндігінің белгісі. Ағымдағы дәліз мұнай бағасының барреліне 55-60 доллар шегінде сақталуына есептелініп бекітілген еді. Бірақ, қазірдің өзінде мұнай бағасы — 48 доллар. Демек, бизнестің белгілі бір бөлігінің күрт құнсыздандыру (бір сәттік немесе бірқалыпты орын алуы маңызды емес, бірақ санаулы күн ішінде) талабы қанағаттандырылады. Таяу күндері бұл мәселеде айқындық орын алуы тиіс деп ойлаймын», — деп жазды ол өзінің Фейсбуктегі парақшасына.
Сонымен қатар, ол өзінің күрт құнсыздануға қарсы екендігін, мұндай сценарийдің орын алмауы үшін қолынан келген істің барлығын жасағанын атап өткен. 
«Елдің шекаралық сценарий арқылы өтуіне тура келетін сияқты. Соңғы сәтке дейін бұлай болмайтындығына үміт артамыз. Егер теңге бағамын түзету орын алатын болса, онда күрт құнсыздануды жақтаушылардың бизнестің бәсекеге қабілеттілігі артуы, жұмыс орындарының сақталуы, өндіріс өсімі және басқа да таңғажайып уәделердің орындалуын күтеміз», -деп жазады ол.

Соңғы жаңалықтар