Оқушы өлең оқығаны үшін 15 мың теңге төлеуі қажет. "Жас Дарын" орталығы оқушы есебінен пайда көріп отыр ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушы өлең оқығаны үшін 15 мың теңге төлеуі қажет. "Жас Дарын" орталығы оқушы есебінен пайда көріп отыр ма?

Оқушы өлең оқығаны үшін 15 мың теңге төлеуі қажет. "Жас Дарын" орталығы оқушы есебінен пайда көріп отыр ма?

"Жас Дарын" дарынды балалар орталығы бала есебінен ақша табуды көздеген бе?

  • 22 Қаңтар 2019
  • 133
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Ватсап желісі арқылы тараған мына ақпарат ата-аналардың ашуын туғызды. Себебі, баланың байқауға қатысып, 3 минуттық өлең оқуы 15 мың теңгені құрап отыр.

 Орталыққа хабарласып, шағымдарын жеткізген ата-аналардың айтуы бойынша, оқушы төлеген ақшадан "Жас Дарын" дарынды орталығы байқау өтетін орынның арендасы мен мұғалімге берілетін төсбелгі және оқушыға берілетін сыйлықты (кітап, блокнот) сол оқушы есебінен, яғни, 15 мың теңгеден жұмсалады екен. 

Алматыдағы ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, мұндай баға 2 жылдан бері бекітілгенін және бұл бағаны Астанадағы басшылардың бекіткенін айтты.

Төмендегі ақпаратта көрсетілгендей:


Бейнелеу, қолөнер, шығарма — 8000 теңге

Көркемсөз, вокал, би, аспаптық шығарма жеке — 15 000 теңге

Дуэт, трио, ансамбль 25 000 теңге 

 
 
 
Соңғы жаңалықтар