Оқушы өліміне қатысты мектеп басшылығының әрекетін тексеру қорытындысы келесі аптада ұсынылмақ - Астана - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушы өліміне қатысты мектеп басшылығының әрекетін тексеру қорытындысы келесі аптада ұсынылмақ - Астана

Оқушы өліміне қатысты мектеп басшылығының әрекетін тексеру қорытындысы келесі аптада ұсынылмақ - Астана

Білім және ғылым министрлігінің арнайы комиссиясы 8 сынып оқушысының өлімі орын даған Астана мектебі басшылығының әрекетін тексеру қорытындысын келесі аптада ұсынуы мүмкін,

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 550
Фото - Caravan.kz

деп вице-министр Есенғазы Иманғалиев мәлімдеді.

«Бұл ұзақ уақытты алмайды, келесі апта ішінде аралық қорытынды болып қалады», — деп Е.Иманғалиев бүгін Астанада «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне мәлімдеді.

Е.Иманғалиев комиссия өте объективті болатынын және қандай да бір учаскелерде проблема болғанын немесе жүйе істемей қалғанын ескеретінін» атап көрсетті.

Бүгінгі таңда Білім және ғылым министрлігі тергеумен тығыз жұмыс жүргізуде.

Бұрын хабарланғандай, Астанада N76 орта мектептің 8-ші сынып оқушысы кикілжің барысында сыныптасын шарикті қаламмен кеудесіне ұрып қалған. Жүрек тұсын тесіп өткен жарақат салдарынан ол сол жерде көз жұмған.

Қалам түйреп алған оқушы психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны анықталған. Дәрігерлік-ақыл кеңестік комиссия қорытындысына сәйкес, оған орта мектеп жағдайында 2014-2015 оқу жылында жалпы білім беру бағдарламасы бойынша сынақ ретінле оқу ұсынылған. Осы негізде ол Астананың N76 мектебіне оқуға қабылданған.