Бірақ қаскөйлердің сотқа қатысты талаптары кереғар болып отыр. Себебі, Сергей Наумцевалқа билердің төрелік еткенін қалап, кінәсін мойындамаған. Ал оның сүйіктісі керісінше оқушыны өздері өлтіргендерін айтып қарсылық білдіріпті. Төрт ай бұрын көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан ала дорбаға салынған 15 жасар Гүлдира Сәкенованың мәйіті табылған болатын. Араға 3 күн салып қолға түскен күдікті Виктория тергеу кезінде сүйіктісіне пәк қыз сыйға тартып, көңілін табуға тырысқанын айтқан. Әлеуметтік желі арқылы оқушыны пәтеріне алдап әкеліп, екеулеп арам ойларын іске асырыпты. Кейін қылмыстарын жасыру үшін азғындар Гүлдираны буындырып өлтірген.