Оқушыларды қаққан трамвай жүргізушісінің адвокаты Павлодар сотына шағым түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушыларды қаққан трамвай жүргізушісінің адвокаты Павлодар сотына шағым түсірді

Оқушыларды қаққан трамвай жүргізушісінің адвокаты Павлодар сотына шағым түсірді

Павлодарда екі қызды қағып кеткен трамвай жүргізушісі Наталья Пекничтің адвокаты сотқа апелляциялық шағым түсірді.

  • 22 Желтоқсан 2017
  • 258
Фото - Caravan.kz

«Пекничтің адвокатынан апелляциялық шағым түсті, — деп мәлімдеді Павлодар облыстық сотындағылар. — Үкімді өзгертуді сұрап, бас бостандығын айырмауға байланысты жаза тағайындау немесе жазасын өтеуді кейінге қалдыру туралы өтініш білдірді», деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты 7 қыркүйек күні болған. Трамвай  реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кеткен. Салдарынан олардың үлкені — Махаббат оқиға орнында көз жұмды. Шынар Уәлитованың балаларын жалғыз өзі өсіріп отырғанын білген павлодарлық «Еріктілер клубы» мен облыстық білім саласының қызметкерлері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Халықтың жиналған қаржысына зардап шеккен отбасыға Екібастұз қаласынан үш бөлмелі пәтер сатып алынып, қажетті жиһаздары жеткізілді. Ал, екі миллионнан астам жиналған теңгені Шынар шұғыл отаға мұқтаж балалардың отбасына аударып берді.   

Қылмыстық істер жөніндегі Павлодар қаласының №2 соты трамвай жүргізушісін ҚР ҚК-нің  345-бабы, үшінші бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, көлік басқарумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан бес жылға айыру және қоныс колониясында бас бостандығына шектеу қою түрінде жаза тағайындалған еді.


Соттағы соңғы сөзінде вагон жүргізушісі қыздың өлімі үшін анасынан тағы бір мәрте кешірім сұрап, бостандығынан айырмауды және өзінің алты жасар қызын тәрбиелеуге мүмкіндік беруді өтінген болатын.   

Соңғы жаңалықтар