Орал қаласында 28 жасар әйел есірткімен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орал қаласында 28 жасар әйел есірткімен ұсталды

Орал қаласында 28 жасар әйел есірткімен ұсталды

Орал қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері өз үйінде героин есірткі затын сатқан 28 жасар Орал қаласының азаматшасын анықтады.

  • 21 Мамыр 2012
  • 353
Фото - Caravan.kz

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 15 мамыр күні есірткі сатушы 0,26 грамм героинді, 17 мамыр күні аталған есірткі затының 0,3 грамын өткізген.

18 мамыр күні есірткі сатушының үйін тексеру кезінде полицейлер 0,4 грамм героинді тәркіледі. Сондай-ақ күдіктінің жеке басын тексеру барысында 1,69 грамм героин табылған.

Соңғы жаңалықтар