Жарияланды: 40

Оралда есірткі шеккен жүргізуші мектеп оқушыларын қағып кетті

Оралда есірткі шеккен жүргізуші мектеп оқушыларын қағып кетті

Кәмелетке толмаған балалар ауруханада жатыр

Орал қаласында жүк көлігінің жүргізушісі үш оқушыны қағып кетті. Анықталғандай, ер адам есірткі қолданып рөлге отырған.

БҚО полиция департаментінің ақпаратынша, оқиға 19 қыркүйек түскі екі шамасында болды.

"ГАЗ-53" автокөлігінің жүргізушісі автобус аялдамасына қарсы бетте үш оқушыны қағып кеткен. Жол апаты салдарынан 2009, 2010 және 2011 жылғы балалар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Медициналық куәландыру 32 жастағы ер адамның есірткі (марихуана) шегіп алғанын көрсеткен.

Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-тармағы (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда сақ болуды ескертті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін