Орал қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, жұмысшы қазылған орға өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін түскен, сол мезгілде оны топырақ басып қалған. Соның салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 152-бабы 2-бөліміне сәйкес (абайсызда адам өліміне соқтырған еңбекті қорғау ережесін, соның ішінде қауіпсіздік техникасын бұзу) қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. БҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті арнайы қызметтік тексеру жүргізіп, оқиғаның себеп-салдарын, жұмыс берушінің кінәсі бар-жоғын анықтайтын болады.