Оралда кәріз жүйесіндегі апаттан қалпына келтіру жұмыстары аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда кәріз жүйесіндегі апаттан қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Оралда кәріз жүйесіндегі апаттан қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Астана. 24 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Оралда кәріз жүйесіндегі апаттан қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 25 Наурыз 2008
  • 465
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, 24 наурызда кәріз жүйелеріндегі апаттан қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оралда 22 наурызда 14 сағатта кәріз жүйелерін тасқын су алып кетуге байланысты Евразия даңғылы — Чагано-Набережная көшесі; Тайманов — Маметова көшелері; Әбілхайыр хан даңғылы — Карбышев көшесі; Петровский көшесі — Алмазов көшесі секілді төрт жерде канализациялық коллектор жарылды. Соның салдарынан №4, №6, «Северо-восток», «Строитель», «Айгүл» ықшамаудандары мен Әбілхайыр хан даңғылындағы тұрғын үйлерге су жіберілмей қалды ( 60 мыңдай адам). 23 наурызда сағат 06-да «Айгүл» ықшамауданы мен Әбілхайыр хан даңғылындағы тұрғын үйлерге ауыз су жіберілді.

23 наурыздағы 20 сағаттағы жағдаймен №4, №6, «Северо-восток» және «Строитель» ықшамаудандарында 10 мыңдай тұрғын сусыз қалды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «Орал Су Арнасы» ҚКК-ның 45 адамы мен 22 техникасы жұмылдырылды. Халыққа, білім беру және медицина нысандарына су жеткізілді. Су тасу жұмыстарына 12 тасығыш көлік (6 -ы ауыз сумен, 6 -ы с техникалық сумен) тартылды. Басқа ықшамаудандарға су 24 наурызда 12 сағатта жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті