Оралда Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг компаниясының бас менеджерін ресми шығарып салу рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг компаниясының бас менеджерін ресми шығарып салу рәсімі өтті

Оралда Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг компаниясының бас менеджерін ресми шығарып салу рәсімі өтті

Оралда Қарашығанақ жобасы бойынша жұмыс мерзімі аяқталуға байланысты "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в." компаниясының бас менеджері Джон Морроуды ресми шығарып салу рәсімі өтті.

  • 19 Қыркүйек 2003
  • 449
Фото - Caravan.kz

Рәсімде сөз сөйлеген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Д.Морроудың Батыс Қазақстан облысының экономикасына қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Д.Морроу Қарашығанақ жобасының екінші кезеңі жүзеге асырылу барысында компанияны 1999-2003-жылдар аралығында басқарды. Осы мерзімде Қарашығанақ өңдеу кешені, Қарашығанақ-Атырау мұнай құбыры , газды жер қабатына қайтадан кері айдау қондырғысы тәрізді ірі нысандар салынды. Сондай-ақ, кенішке таяу орналасқан Тұңғыш ауылы тұрғындарын Оралға көшіру шарасы жүзеге асырылды.
Өз кезегінде Джон Морроу мұндай таңғажайып жобаны басқару өзі үшін өте қызғылықты болғанын жеткізді.
Қазақстан экономикасына қосқан үлесі үшін Д.Морроу «Құрмет» орденімен марапатталды.
Болашақта Д.Морроу «Бритиш газ» компаниясының Лондондағы бір бөлімшесінде жұмыс істейді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар