Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сотталушылар Руслан Бахитов пен Александр Шевалдин қару қолдану арқылы денсаулыққа қасақана зиян келтірген бұзақылықтары үшін кінәлі деп танылды.
Сотта боксшы сотталушыларға кешірім беріп, оларды қамаудан босатуды сұрады. Алайда Р.Бахитов бес жыл жарым бас бостандығынан айырылып, жазасын ерекше режимдегі колонияда өтеуге сотталды. Ал А.Шевалдин тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Биылғы сәуір айында Орал қаласында бокстан өткен халықаралық жарыстан кейін түнгі клубтардың бірінде достарымен бірге күміс жүлдесін «жуған» ресейлік спортшының жергілікті жастармен «қарым-қатынасы» кейін төбелеске ұласып, соның салдарынан миы шайқалып, жақ сүйегі сынған С.Асбаров ауруханаға түскен болатын.