Марқұм жұбайы мен немересін ертіп, Атырау облысының Құлсары қаласынан Оралдағы туыстарына қыдырып келген екен. Сол күні немересін жетектеп Жайықтың жағасында серуендеуге шығыпты. Екеуі сол күйі үйге оралмағасын туыстары құтқару қызметіне хабарласқан. Бір тәуліктен кейін 4 жасар сәбидің мәйіті судан табылды. Ал атасының да денесі Жайықтан шығарылды.