Оралда төбелестен кейін екі студент пышақ жарақатымен ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда төбелестен кейін екі студент пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Оралда төбелестен кейін екі студент пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Студенттер арасында төбелес 18 қыркүйекке қараған түнгі сағат 02.30-дар шамасында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жатақханасы алдында орын алған.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 444
Фото - Caravan.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәншүк Аймұрзиеваның сөзіне қарағанда, облыстық ауруханаға пышақ жарақатымен жеткізілген төрт студенттің екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. Жүрек тұсынан жарақат алған біреуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Кеуде тұсынан жарақат алғанымен, ішкі құрылыстары сау екіншісі бөлімшеде емделуде.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растағанмен, ешқандай мәлімет бере алмады. Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.