Рысбай Өтешев, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы:
— Бізге тапсырма берілді. Біздегі арзан бензин Ресейге шықпасын деген. Моноторинг жасап отырмыз. Күнделікті қанша вагон келіп жатыр, кімге келіп жатыр, қайда сатып жатыр. Соның бәрін күнде таңертең облыс әкіміне тізімін береміз.
Дегенмен, сарапшылар елімізде тапшылық әлі біраз уақытқа созылады деп отыр. Өйткені, мемлекеттік қорда небәрі 160 мың тонна бензин қалған. Жоқ іздеп шарқ ұрған тек оралдықтар ғана емес, еліміздің басым бөлігінде жүргізушілер бірнеше күннен бері бензин іздепкөше кезіп кеткен. «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы шұғыл түрде еліміздегі 20-ға жуық жанармай бекетін газ толтыру бекетке айналдырмақ. Ал бұған дейін Энергетика министрі Владимир Школьник жүргізушілерді бензинді үнемдеп тұрғындарды жұмысқа бір көлікпен қатынауды сұраған болатын .