Оралда жатақханада студент қыз асылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда жатақханада студент қыз асылып қалды

Оралда жатақханада студент қыз асылып қалды

Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 21 жастағы 4 курс студентінің денесін 30 қазан күні таңғы сағат 8:00-де тауып алған,

  • 1 Қараша 2017
  • 287
Фото - Caravan.kz

Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 21 жастағы 4 курс студентінің денесін 30 қазан күні таңғы сағат 8:00-де тауып алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда қыздың денесін жатақхананың дәретханасынан тауып алған.«1996 жылғы студенттің денесін Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің №3 жатақханасының дәретханасынан тауып алған. Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді БҚО ІІД баспасөз қызметінде.


Қыздың денесін сол жатақханада тұратын студенттер тауып алған. Қайтыс болған қыз Орал қаласына басқа қаладан келгені анықталды.