Оралда жігіт пен қыз көлік ұрлап қашып, жол апатынан қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда жігіт пен қыз көлік ұрлап қашып, жол апатынан қайтыс болды

Оралда жігіт пен қыз көлік ұрлап қашып, жол апатынан қайтыс болды

Оралдың орталық көшелерінің бірінде жігіт пен қыз жол апатына түсіп қайтыс болды деп жазады "Мой город" порталы. Аталған көлікті екеуі ұрлап айдап кеткен екен.

  • 2 Мамыр 2017
  • 700
Фото - Caravan.kz

"Жол көлік оқиғасы 1 мамыр күні түнгі сағат 03:00 шамасында орын алды. 20-25 жас аралығындағы қыз бен жігіт ұрланған көлікке мініп, Шаған-Жағалау көшесімен келе жатып апатқа ұшыраған. "Пассат" көлігін тізгіндеген жүргізуші "Сандықтар" дүкенінің қабырғасына келіп соқтығысқан. Жүргізуші мен жолаушы сол жерде қайтыс болды", — делінген БҚО ІІД-нің бапсасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тексеру барысында белгілі болғандай, апатқа ұшыраған көліктің иесі мүлдем өзге адам болып шықты. Ер азамат көлігін жөндету үшін Оралдағы автосервистердің біріне тастап кеткен екен. Оны сол жерден ұрлап кеткен. Марқұмдардың апат алдында спирттік ішімдік ішкен-ішпегені қазір анықталып жатыр.

"Мой город" порталының жазуынша, осыдан бір жылдай уақыт бұрын дәл осы маңда жан түршігерлік жол көлік оқиғасы орын алып, салдарынан екі жас жігіт пен бойжеткен қыз қайтыс болыпты.


Соңғы жаңалықтар