Жарияланды: 450

Оралдық полицейлер үш адамның өліміне қатысты қылмыстық істі әшкереледі

Оралдық полицейлер үш адамның өліміне қатысты қылмыстық істі әшкереледі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Өрт сөндіру барысында үш адамның мәйіті табылды. Адамдар өліміне кінәлі деген күдікпен 22 жасар Орал тұрғыны ұсталды. Полиция ақпаратына сәйкес, күдікті қылмысын мойындаған. Бірлесіп шөлмек босатқаннан кейін адамдар арасында шыққан кикілжің үш бірдей жанның өмірін қиды. Қылмыстың ізін жасыру үшін жан алғыш үйді өртеп жіберген. Үш адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін