Оралмандар үшін Қазақстан азаматтығын алу мерзімі бір жылға дейін қысқартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралмандар үшін Қазақстан азаматтығын алу мерзімі бір жылға дейін қысқартылады

Оралмандар үшін Қазақстан азаматтығын алу мерзімі бір жылға дейін қысқартылады

Қазақстан үкіметі оралмандарға азаматтық беру тәртібін оңтайландыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

  • 22 Сәуiр 2014
  • 517
Фото - Caravan.kz

"Бүгін біз үкіметте бұл мәселені қарадық, үкімет бізді қолдады. Біріншіден, оралман мәртебесі бәріне бірдей қай аймаққа қоныстанғандығына қатыссыз беріледі", деді ол сейсенбіде президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

"Азаматтық алу мерзімі жеті жылдан бір жылға дейін азайтылады. Адам бір жылдың ішінде Қазақстан азаматы бола алады", деді ол.

Сонымен қатар репатрианттар қай аумаққа баратындықтарын өздері шешеді, бірақ еңбек ресурстары тапшы аумақтарға барғандар ынталандырылады.


"Ол аймақтарға баратындарға әлеуметтік пакет беріледі. Онда жол жүру ақысы, жүкті алып өту ақысы, бес жылға жалға үй беру көзделген. Бес жылдан соң оралмандар үйді қалған құны бойынша жекешелендіре алады", деді министр.