«Біз аталмыш заңды әзірлеп толық аяқтадық, ол қазір Әділет министрлігінің мекемеаралық комиссиясының қарауына жіберілген, ол осы жылдың аяғына дейін парламентке енгізіледі деп ойлаймын»,- деді Н. Ысқақов.
«Бұл заңның қабылдануы нәтижесінде дәстүрлі емес энергетика түрлерінің дамуына қатысты көптеген проблемалар өз шешімін табады, себебі қазір құқықтық негіз жоқ, тарифтік саясаттың қандай болатындығы, дәстүрлі емес энергетика саласының іске асуы үшін қандай ынталандыру механизмі болатындығы түсініксіз»,- деп қосты министр.
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің айтуынша, бұл заңды әзірлеуге «энергетиканың дәстүрлі емес саласындағы отандық ғалымдар мен мамандар қатысты, сондай-ақ көптеген басқа мемлекеттердің осы саладағы тәжірибелері қолданылған».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті