«Астанада «Павлодартранстехмонтаж» ЖШС-нің құрылыс вагонында 26 наурызда 9 сағат 53 минутта 30 шаршы метр аумақта өрт шықты, оны сөндірген кезде күзетшінің мәйіті табылды. Өртті 10 сағат 56 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 1 техникасының күшімен сөндірді», -деп хабарлайды ТЖМ.
Сонымен бірге, Ақтауда 27 наурызда 1 сағат 11 минутта жеке меншік автотұрақтың вагончигінде 4 шаршы метр аумақта өрт шықты. Өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды. Өртті 2 сағат 14 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасының күшімен сөндірді», -деп хабарлайды ТЖМ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті