Орта Азия республикаларының парламенттері мен үкіметтері еңбек миграциясының қордаланған мәселелерін шешуде күш біріктірмек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орта Азия республикаларының парламенттері мен үкіметтері еңбек миграциясының қордаланған мәселелерін шешуде күш біріктірмек

Орта Азия республикаларының парламенттері мен үкіметтері еңбек миграциясының қордаланған мәселелерін шешуде күш біріктірмек

Бішкек. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Орта Азия республикаларының парламенттері мен үкіметтері еңбек миграциясының қордаланған мәселелерін шешуде күш біріктіреді. Бұл туралы кеше Бішкекте ашылған "Еңбек миграциясы саласындағы бірыңғай заңнама жасау жолында Орта Азия елдерінің күшін біріктіру" атты аймақтық парламентаралық және үкіметаралық кездесуге қатысқандар мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 12 Наурыз 2008
  • 731
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан Республикасының Миграция және жұмыспен қамту комитеті хабарлағандай, бұл кездесу Еуроодақ қаржыландырып отырған Орта Азиядағы еңбек миграциясы жобасының аясында өткізіліп отыр. Осы халықаралық кездесуге Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Ресейдің көші-қон қызметінің басшылары, заң шығарушылары, ТМД мен ЕурАзЭҚ Парламентаралық ассамблеясының өкілдері қатысты.

«Қызығушылық танытып отырған барлық тараптар өз болмысы бойынша көп функциялы, трансұлттық және үкіметаралық феномен ретінде танылған миграция саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын түсінеді. Бұл ЕурАзЭҚ-тың Мәскеуде өткен соңғы отырысының барысында Қырғызстан мен Қазақстанның премьер-министрлерінің бірлескен мәлімдемесінде де көрсетілген болатын. Онда екеуі де мұндай мәселеде жан-жақтан жұмылудың маңыздылығын атап көрсеткен еді», — деп хабарлады ҚР Миграция комитетінің төрайымы Айгүл Рысқұлова.

Еңбек мигранттарын заңдастыру, олардың құқын қорғау, медициналық және әлеуметтік қызметтерді пайдалануға рұқсат беру, еңбек ресурстарын алмасудың ұйымдасқан түрін жүзеге асыратын құралдар жасау 11 — 12 наурызда болатын осы отырыстың назарында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті