Орталық Азиядағы ең көне түрме - атышулы "Таштүрме" қиратылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азиядағы ең көне түрме - атышулы "Таштүрме"  қиратылады

Орталық Азиядағы ең көне түрме - атышулы "Таштүрме" қиратылады

Халық арасында «Таштүрме» деп аталып кеткен бұрынғы №1 тергеу абақтысының ғимараты бұзылады. Оның орнына заманауи саябақ салынады. Өзбекстан үкіметінің 22 наурыздағы қаулысына сәйкес, «Таштүрменің» бұрынғы ғимараты үш айдың ішінде сүріледі, делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.

  • 26 Наурыз 2018
  • 78
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін хабарланғандай, Ташкенттің Юнусабад ауданында орналасқан «Таштүрмедегі» сотталушылар Ташкент облысының Зеңгіата ауданындағы жаңа түзеу мекемесіне ауыстырылған. Соңғы уақытта №1 түзету мекемесінде 2,5 мың адам отырған. Жаңа түзету мекемесіне қанша адам отыратыны әзірге белгісіз.

Ташкент облысындағы жаңа тергеу абақтысы тоғыз блоктан тұратын жұлдыз іспеттес кешен.

Өзбекстанда 52 түзету мекемесі бар. Осы уақытқа дейін «Таштүрме» Орталық Азиядағы ең көне түрме саналып келген. №1 тергеу абақтысының ғиамараты патшалық Ресейдің генерал-губернаторы шығарған 1891 жылғы қаулысымен салынған.

 

Ұқсас тақырыптар:

Петропавлдағы әйелдер колониясында арулар байқауы өтті
Маңғыстау облысында жазасын өтеушілер жеке кәсіптерін ашты
Астанада түрмеден аса қауіпті қылмыскер қашып кетті
Соңғы жаңалықтар