«Кеңес консультативтік-кеңес органы болып табылады, оның құрамына ОСК өкілдері, Мәдениет және ақпарат министрлігі, журналистік бірлестіктер, БАҚ басшылары, саяси партиялардың Орталық сайлау укомиссиясындағы өкілдері енеді», — деді ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
«Кеңестің басты мақсаты — сайлау науқаны барысында сайлау заңнамасы мен Конституция нормаларын бұзуға қатысты ақпараттық дауларды алқа түрінде қарау», — деді ол.
Кеңес төрайымы болып ОСК мүшесі Ләззат Сулеймен сайланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті