Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының бақылаушылар миссиясының есебін түсіндіруден бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ  Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының  бақылаушылар миссиясының есебін  түсіндіруден бас тартты

Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының бақылаушылар миссиясының есебін түсіндіруден бас тартты

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 23 - тамыз. АСТАНА. Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының бақылаушылар миссиясының есебіне түсініктеме беруден бас тартты. Бұл туралы кеше Орталық сайлау комиссиясы отырысының аяқталуына орай ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Тамыз 2007
  • 341
Фото - Caravan.kz

«Мәлімдемелер мен түсіндірулерді мен политологтар мен социологтарға қалдырамын және мен оған түсініктеме бермеймін»,- деп мәлім етті ол журналистердің миссия есебін түсіндіру туралы өтінішіне. «Біз осы есеп бойынша жұмыс істеп жатырмыз»,- деп қосты ол.

Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы «сайлау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткендігін» атап көрсетті.

Бұрын хабарлағанымыздай, ЕҚЫҰ байқаушылары миссиясының жасаған байқаулардың басым бөлігі «Қазақстандағы сайлауды керіден гөрі оң сипатта бағалауда»,- деп атап өтті 19-тамызда миссияның есебін таныстырған миссия өкілі Консилио ди Нино. Ал ұйымның екінші бақылаушысы — Любомир Копай сайлауда жалғыз партияның жеңіске жеткені жөнінде журналистерге берген түсініктемесінде: «мен парламентте жалғыз партия отырған демократиялық ел дегенді көрмедім», деп атап өтті.