Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындысын жария етті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындысын жария етті

Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындысын жария етті

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 - тамыз. АСТАНА. Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындысын жария етті. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссияның хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 22 Тамыз 2007
  • 430
Фото - Caravan.kz


Орталық сайлау комиссиясының ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан парламентінің мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауында «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы 88,41 пайыз, «Ақ жол» партиясы — 3,09 пайыз, Жалпы ұлттық социал-демократиялық партия — 4,54 пайыз, Қазақстанның Патриоттар партиясы — 0,78 пайыз, «Ауыл» партиясы — 1,51 пайыз, «Руханият» партиясы — 0,37 пайыз, Қазақстанның Халықтық коммунистік партиясы — 1,29 пайыз дауыс жинаған.