ОСК сенат депутаттарының сайлауында халықаралық байқаушылар саны ұлғаяды деп күтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОСК сенат депутаттарының сайлауында халықаралық байқаушылар саны ұлғаяды деп күтуде

ОСК сенат депутаттарының сайлауында халықаралық байқаушылар саны ұлғаяды деп күтуде

Астана. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Орталық сайлау комиссиясы парламент сенаты депутаттарының сайлауында халықаралық байқаушылар саны ұлғаяды деп күтуде. Бұл туралы бүгін парламент сенаты депутаттарының сайлауы науқанын ұйымдастырып өткізу мәселелері жөніндегі семинар-кеңес барысында ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Тамыз 2008
  • 484
Фото - Caravan.kz

«Егер 2005 жылы халықаралық байқаушылар саны 50-ден астам ғана болса, биыл біз олардың саны біршама артық болады деп күтудеміз», — деді ол.

«ОСК ҚР СІМ-іне халықаралық байқаушылар институтын ашу жөніндегі өтінішпен хат жолдады», -деді өз кезегінде ОСК төрағасының орынбасары В. Фоос.

«Демек, дауыс беру бөлімшелерінде сенімді тұлғалар мен Қазақстандық байқаушылармен қатар шетелдік байқаушылар да болады», — деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, парламент сенаты депутаттарының сайлауы 2008 жылдың 4 қазанына тағайындалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар