ОСК Жириновскийді Ресей Федерациясының президенттігіне үміткерлікке тіркеді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОСК Жириновскийді Ресей Федерациясының президенттігіне үміткерлікке тіркеді

ОСК Жириновскийді Ресей Федерациясының президенттігіне үміткерлікке тіркеді

Мәскеу. 27-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы Владимир Жириновскийді Ресей Федерациясының президенттігіне үміткер ретінде тіркеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Желтоқсан 2007
  • 422
Фото - Caravan.kz

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Чуров Орталық сайлау комиссиясы өз отырысында Ресей либералдық-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийді мемлекет басшылығына үміткерлікке ресми тіркеу туралы қаулы қабылдағанын мәлімдеді. В. Жириновский президенттікке Ресей либералдық-демократиялық партиясының атынан ұсынылған.

Владимир Чуров Жириновскийге куәлікті табыстай тұрып: «Ресейде және одан тыс жерде сайлаудың дұрыс өтуіне кедергі келтіргісі келетін орталықтар бар», — деп атап көрсетті.

«Сайлаудың сәтті өтетінінен үміттенеміз. Сайлаудың дұрыс өтуіне кедергі келтіріп, арандатқысы келген іс-әрекеттерге ешкім де ырық бермейді», — деп мәлімдеді В.Жириновский. Ол партияның тұғырнамасы оның үміткері сайлау кампаниясында өзінің қатысуын сенімді түрде жалғастыруға және қатысудан бас тартқандардың ізімен жүрмеуге негізделгенін атап көрсетті.

В.Жириновский Ресей азаматтары лайықты президентті сайлайтындығына үміт білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті