Өскемен әкімінің полицияның жұмысына көңілі толмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен әкімінің полицияның  жұмысына көңілі толмайды

Өскемен әкімінің полицияның жұмысына көңілі толмайды

ӨСКЕМЕН. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Өскеменнің жаңа әкімі Шәкәрім Буктугутовтың қала полицейлерінің жұмысына көңілі толмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 29 Наурыз 2007
  • 425
Фото - Caravan.kz

«2007 жылдың екі айында қала аумағында 1142 қылмыс тіркелген. Дәл кезеңде жарты миллион халқы бар Астанада 540 қылмыс жасалған. Өскемендегі заң бұзушылықтардың өсуі неге байланысты?»,- деп наразылығын білдірді Шәкәрім Буктугутов қалалық ішкі істер басқармасының басшысымен кезесуінде. «Біз мұндай ахуалдың себебін анықтап және талдап, ахуалды жақсарту үшін шаралар қолдануымыз керек»,- деді облыс орталығының басшысы.

Әкімнің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Шәкәрім Буктугутов полицейлерге жұмыстарындағы кемшіліктерді көрсетті. Мысалы, оның мәліметтері бойынша, 113 учаскелік полицейлердің жартысына жуығы қаланың бір ауданында тұрады, ал жұмыстары мүлдем басқа ауданда.

Әкімнің пікірінше, полицейлердің консьерждермен жұмыс істеуі де нашар. «Өскемендегі халық саны 314 мың, бүгінде небәрі 71 консьерж бар, 60-шы жылдары Риддер қаласында олардың саны 300-дей болған. Өскемен көшесіндегі тәртіпті нығайтуға полицейлердің қоғаммен жұмыс істеуін күшейту арқылы ғана қол жеткізе аламыз»,- деп атап өтті Шәкәрім Буктугутов.

«Мен облыс орталығының полицейлері осыншалықты нашар жабдықталған деп ойлаған емеспін. Мен бұған қалалық ішкі істер департаментінің басшысы кінәлі деп санаймын. Бюджеттік кодекстегі өзгерістер қалалық бюджеттің еліміздің Ішкі істер министрлігі саласындағы көптеген бағдарламаларды қаржыландыруға мүмкіндік бермейді. Бірақ біз полицейлердің техникалық жабдықталуын назардан тыс қалдыра алмаймыз. Екінші жарты жылдықта бюджетті бекіту барысында осы мақсаттарға қаржы бөлуге тырысамыз»,- деп уәде берді Шәкәрім Буктугутов полицейлерге.

Қала басшысы Ішкі істер басқармасына Шығыс Қазақстанның облыс орталығында қылмыс деңгейін төмендету жөніндегі шараларды дайындауға тапсырма берді. ҚІІБ басшысы үстіміздегі жылдың сәуіріне дейін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі есеп пен ұсыныс жасауға, қоғаммен жұмыс істеуді күшейтуге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды есепке алу мәселелерін пысықтауға тиіс.

«Аталмыш тапсырмалардың орындалуын Шәкәрім Буктугутов өзінің жеке бақылауына алды»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті