Өскемен ғалымдары қалдықтарды зарарсыздандыру технологиясын ойлап тапты
![]() |
Өскемен ғалымдары инновациялар бойынша өткен облыстық кеңесте құрамында күшән бар шикізаттарды, қалдықтар мен өнеркәсіп өнімдерін зарарсыздандыру технологиясын ұсынды, деп Шығыс Қазақстан облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
«Технологияны «Өскемен жаңа технологиялар ғылыми өндірістік кешені» ЖШС әзірледі. Ол (технология – ҚазТАГ) патенттеліп, және технологиялық регламент алды. Жоба құны Т200 млн», - деді әкімдіктен.
Өндірісті орналастыратын база ретінде қуаты 20-30 МВт болатын электр пештері орнатылған Риддер қорғасын зауытын, сондай-ақ «Қазмырыштың» өскемендік алаңындағы электротермикалық цехын пайдалану ұсынылды. Жобаны іске асырғанда қосымша 500 жұмыс орны ашылады.
Қазіргі уақытта бұрынғы қорғасын-мырыш комбинатының қала маңындағы қоқысында 400 мың тоннадай кальций арсениті және арсенаты түріндегі, құрамында күшән бар қалдықтар жатыр. Олар бірінші-екінші класстық қауіптілігі бар заттар болып есептеледі. Осы қалдық қоймаларының сүзгілік тоспаларының жеткілікті болмауынан қаладағы Үлбі ауданының сулы қабаттарында 1998-1999-шы жылдары күшән, талли, селен, сынап, кадмий, қорғасынмен ластануы өте жоғары екендігі анықталған. Ағымдағы жылы маусымда қаладағы Октябрь ауданындағы су алатын құдықтарда, қорғасын және кадмимен ластануы себепті 43 скважинаның 7-еуі жабылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін