Өскеменде әкім Бердібек Сапарбаевтың командасы атақты әншілермен футбол ойнады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде әкім Бердібек Сапарбаевтың  командасы атақты әншілермен футбол ойнады

Өскеменде әкім Бердібек Сапарбаевтың командасы атақты әншілермен футбол ойнады

Футбол ойнау, саясат соғу емес. Жұмыстан жалыққанда шенеуніктердің де кейде қарашаны қызыққа қарық қылғысы келіп, аяқ асты бірдеме ойлап табатын әдеті бар. Өскеменнің әкімдігі қала күні қарсаңында осындай дода ұйымдастырып, эстрада әншілерімен жасыл алаңда кездесу өткізді. 

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 238
Фото - Caravan.kz

Қара терге малынып,жасыл алаңда доп қуалап жүргендердің бәрі елге белгілі азаматтар. Осындайкезде олар бір-бірімен жақын танысып, арқа-жарқа болып қалады. Дәстүрге айналған шараға арнайы шақырту алған эстрада әншілерінің барлығы да оған ойланбастан келісіпті.   

Қатты соққы алып, жерде домалап жатқан мына жігіт Мистерионс тобының мүшесі. Жедел жәрдем қызметкерлері оған көмек көрсетіп, алаңнан алып шықты. Нағыз үлкен футболдағыдай, мұнда да жарақатсыз болмады.

Мейрамбек Бесбаев, әнші:

Шенеуніктер енді… (күледі) керемет ойнайды еккен. Біз енді көріп тұрмыз ғой кімнің кім екенін. Бірақ та, оңай шағылатын жаңғақ емес екені көрініп тұр.

Шенеуніктерден құрылған команда да осал емес. Облыс әкімі бастап, бас прокурор, сот төрағасы мен кеден бастығы сияқты өңшең ығайлар мен сығайлардан құралған.


Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Кездесу мақсаты спортты ары қарай дамыту, спорттың адамға қандай пайдасы бар екенін ары қарай көрсету.

Әншілер мен атқамінерлер арасындағы достық кездесу әдеттегідей 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойын соңына қарай, олар жиналған жұрттың да көңілін көтеріп, арнайы ән шашу сыйлады.