Өскеменде Ан-2 санитарлы ұшағы апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде Ан-2 санитарлы ұшағы апатқа ұшырады

Өскеменде Ан-2 санитарлы ұшағы апатқа ұшырады

Өскеменде санитарлы ұшағы Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады.

  • 26 Ақпан 2020
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Бұл туралы азаматтық авиация комитеті мәлімдеді. Ұшақ бортында бес адам отырған.

«Орлан 2000» әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі санитарлық тапсырма бойынша Өскемен – Ақсуат бағыты бойынша сапарды орындаған. Сағат 12.50 кезінде экипаж қозғалтқыштың штаттан тыс жағдай туралы баян етті. Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан бір жарым шақырымда орналасқан ауданға мәжбүрлі түрде қону туралы шешім қабылдады. Бортта 5 адам – 3 экипаж мүшесі мен 2 қызметтік жолаушы болған. Бәрі аман», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр екен. Тексеріс шараларын ҚР индустрия және инфрақұрылымдың даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі басқармасы өз бақылауына алған. 


Соңғы жаңалықтар