«Ауыл шаруашылық техникалық дайындығы 1 наурызда 78 пайызды құрады. Ауыл шаруашылық құрылымның машина тракторлық паркі 5 пайызға жаңартылды. Сапасы жақсы әрі жоғары технологиялық машиналар сатып алынды «, — деп хабарлады бөлімдегілер.
Бөлімнің берген мәліметтері бойынша, көктемдік егін және астық жинау науқанына 2007 жылы қалалық ауыл шаруашылық құрылымдарына 378 тонна дизельдік отын бөлінді. Көктемдік егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін, сатып алынатын дизельдік отынға 3,7 млн теңге жұмсалды. Бұл 4,6 мың гектар егінді алқабына саналған қаржы. Ал іс жүзінде 3,45 мың гектардан егін жиналып, 2,7 млн теңге игерілді.
Сонымен қатар, биылғы жылы Павлодар мұнай химиялық зауытыныңдағы дизельдік отынды бөлуге сәйкес, көктемдік егістік жұмыстарына 102 тонна отын 6 мың гектар егіндікке берілді. Зауыттың бір тонна отынға белгілеген бағасы $625 (65 теңге бір литр үшін) құрады.
«2008 жылы ауыл шаруашылық саласында негізгі болып саналатын бидайға, майлы дақылдарға, көкөніс пен бақша дақылдары, жүгері, картоп сияқты өнімдерге жанар -жағар май субсидиясы беріледі «, — деп атап өтті ведомство.
«Мемлекеттік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы отандық ауыл шаруашылық өндірісшілеріне қаржылық көмек көрсету бағдарламасына сәйкес 2008 жылы көктемдік егістік және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін екінші деңгейдегі банктер арқылы несиелік ресурстарды бөлетін болды. Өскеменге 4,5 мың гектар егінді жерлер үшін 4,7 млн теңге бөлінді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті