Өскеменде ломбард қызметкері 12,5 млн теңге жымқырған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде ломбард қызметкері 12,5 млн теңге жымқырған

Өскеменде ломбард қызметкері 12,5 млн теңге жымқырған

Өскемен қаласында ломбард қызметкері 12,5 млн теңге жымқырған.

  • 14 Қыркүйек 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі ломбардтардың бірінің директоры полицияға хабарласқан.

Өз сөзінде ол жалған кепіл билет жасап келген ломбард менеджерінің кассадан 12 500 000 теңгеден астам ақшаны жымқырғанын жеткізді.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Жауап алу кезінде әйел адам өз кінәсін мойындаған. ЖШС-нің 37 жастағы менеджері ақшадан қысылғандықтан осындай қадамға барғанын айтты», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар