Өскеменде оқушы ұлға ерсі қылық көрсеткен директорға қатысты дау туды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде оқушы ұлға ерсі қылық көрсеткен директорға қатысты дау туды

Өскеменде оқушы ұлға ерсі қылық көрсеткен директорға қатысты дау туды

Шығыс Қазақстан облысын дүр сілкінткен мектеп директорына қатысты жайсыз жаңалық тұрғындар арасында дау туғызды. Айта кетейік, апта басында Зырьян қаласындағы №8 мектептің 40 жастағы директоры оқушы ұлға ерсі қылық көрсетті деген күдікке ілінген. Қазір ол қамауда. Ал жұрт жікке бөлініп, бірі оны қатаң жазалауды талап етсе, екінші тарап бұны басшыға жасалған қасақара әрекет деп отыр.

  • 5 Қараша 2015
  • 267
Фото - Caravan.kz

Оқушы ұлға қол жүгіртті деген күдікпен ұсталған директор осы мектепті басқарады. Өзі Зырянға өткен жылы Оңтүстік Қазақстаннан қоныс аударған екен. Білім ошағының қырық жастағы басшысы бір аптадан бері төбе көрсетпей жүр. Ұжым оның қайда екеніннен хабарсыз. Тіпті білім бөлімі тарапынан да ештеңе түсіндірілмеген. Тек мектепке жаңа басшыны уақытша тағайындап кетіпті.  

Елена Шоколенко, мектеп директорының міндетін атқарушы:

-Бізге ештеме айтылмады. Бәрін білім бөлімі өздері шешті. Мектеп бұрынғы қалпында жұмыс істеп жатыр. Сабақтар үзілген жоқ.

Мектеп басшысы оқушыны арам іске азғырды деген сөз ел ішінде қызу талқыға түсті. Осыған қатысты тұрғындардың пікірі қақ жарылған. Бір бөлігі оны даттаса, екінші жақ бұны қасақана жала жабылу деп отыр.

Меніңше бұлай болуы мүмкін емес. Біреулер бұл кісінің аяғынан шалған. Мен ол адамды жақсы танымайтын шығармын, ақтамаймын да, дегенмен ақ-қарасы тергеуден соң белгілі болады. Шынымды айтсам мен бұған сенбеймін.


Баланың ата-анасы прокуратураға арыз түсірген. Қазір директор қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал оқиғаның мән-жайы әзірге ашық айтылмай жатыр.  

Соңғы жаңалықтар