Өскеменде ораза кезінде бір ай бойы ақысыз «Имам такси» жобасы жұмыс істейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде ораза кезінде бір ай бойы ақысыз «Имам такси» жобасы жұмыс істейді

Өскеменде ораза кезінде бір ай бойы ақысыз «Имам такси» жобасы жұмыс істейді

Бұл таксилер ауызашардан соң оқылатын тарауих намазына келетін адамдарды ақысыз тасымалдайтын болады.

  • 17 Мамыр 2018
  • 71
Фото - Caravan.kz

Ертең он екi айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айы басталады. Құран Кәрімнің алғашқы аяттары түскен осынау кешірім мен құлшылық айы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай брифинг өткізді, деп жазады altaynews.kz.

Бас имамның айтуынша, әдеттегідей Рамазан айына бір күн қалғанда өңірдің барлық мешіттерінде қас қарая тарауих намазы оқылады.

– Ауыз бекіту және ашу уақыттары жергілікті жердегі діни өкілдіктер бекіткен кестеге сәйкес орындалуы керек. Өйткені еліміздің аумағы ұлан-ғайыр болғандықтан, Алматы мен Батыс Қазақстанның ораза кестесі біздің облысқа келмейді. Жалпы, ораза – бiр ай бойы iшiп-жеуден ғана емес, өтiрiк-өсек айтудан, бiреудi сырттай ғайбаттаудан, адамгершілiкке жатпайтын әдет-қылықтардан бойды арылту. Ораза – бәлиғат жасына жеткен, ақыл-есі түзу, сырқат емес адамдарға парыз. Ал денсаулығында кінәраты бар жандарға Жаратушы иеміз кешіріммен қарайды, — деп түсіндірген Ермек қажы Мұқатай биылғы Рамазан айында атқарылатын игілікті істер туралы да айтып өтті.

Оның айтуынша, ораза кезінде бір айы бойы «Имам такси» жобасы қолға алынады. Жоба аясында діни қызметкерлер жамағатқа тегін қызмет көрсетеді. Бұл таксилер ауызашардан соң оқылатын тарауих намазына келетін адамдарды ақысыз тасымалдайтын болады.


Өйткені түнге қарай қоғамдық көліктер тоқтап қалатындықтан қаланың әр шетінде тұратын адамдарға мешітке келу қиындық туғызады. Осы жайтты ескерген имамдар қасиетті Рамазан айында адамдардың алаңсыз құлшылық жасауына мүмкіндік туғызу үшін аталмыш жобаны қайта жандандырмақ.

Оқи отырыңыз:

Баян Алагөзова жаңа фильмге ұзын бойлы, сымбатты жігіт пен сұлу қыз іздеп жатыр

Қазақстанға турист әкелетін екі бағдарлама бар: Димаштың концерті мен біздің шоуымыз – Денис Тен

Бүгін қасиетті Рамазан айы басталды
 

Соңғы жаңалықтар