Қала әкімі Темірбек Қасымжанов кезекті демалыста екен. Оның 001 нөмірлі көлігімен 44 жастағы жүргізушісі шаһардың «студенттер қалашығы» деп аталатын ауданында жүйіткіпті. Сөйтіп жүріп бірден төрт көлікпен соғылған. Әкімдіктегілер Мақсат Әміров жөндеуде тұрған S 500-ді рұқсатсыз айдап шыққан деп ақталды. Тіпті, жүгенсіз кеткен қызмкеткерлерін жұмыстан шығарып үлгерген. Ал жол апатынан зақымданған 4 темір тұлпарды сақтандыру компаниясы жөндеп бермекші.