«Екі айлық 2008 жылдың 1 сәуірі мен 1 маусымы аралығында өтеді. Қаладағы аумақтарды санитарлық тазарту, жайластыру жөніндегі жалпықалалық сенбіліктер 19 және 26 сәуірге межеленген», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Екі айлық мерзімінде «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты мен автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік басқармасының мердігерлік ұйымдарының жарлық қағазы шықты, рұқсатсыз төгілген қоқыстарды жою үшін автокөлік бөлінді. Сонымен бірге, «Өскемен тәртіп» ЖШС күшімен иесіз аумақтардан 11600 текше метр қоқыс шығару жұмыстары жоспарланған.
Әкімшілік ақпаратына сәйкес, қала аумағының санитарлық ахуалын жақсарту үшін мердігерлік ұйымдар таңертеңгі сағат 6-дан бастап жұмыс істеуге тиіс. Осы ұйымдардың күшімен аудандардың аумағындағы орындықтар мен урналар боялып, көркемдендірілді. Сондай-ақ, екі айлық мерзімінде «Көгалдандырушы» ЖШС бюджеттік ұйымдарға 991 мың теңгенің ағаш көшеттері сатылып, саябақтар, скверлер мен алаңдар қоқыс пен кірден тазартылып, ағаштарды әсемдеп кесіп отырғызу, ағаш қалдықтарын тазарту, раушангүлдер мен қызғалдақтар егу, қаладағы субұрқақтарды жөндеу жұмыстары жалғасады.
«Екі айлық мерзімінде асфальттыбетонды жабынды жөндеу және 19 аулалық аумақтарды жайластыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 32,5 млн теңге бөлінеді. 150 жаңа контейнерлік алаңдарды жөндеуге 25 млн теңге бөлінеді», -деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Қаладағы кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен азаматтарды қала аумағын тазарту, жайластыру мен көгалдандыру жұмыстарының сапасын көтеруге атсалыстыру үшін қала әкімшілігінің «Қаладағы аулалық аумақтарды ең таңдаулы жайластыруға 2008 жылға арналған қалалық байқау-сынақ өткізу туралы» қаулысының жобасы дайындалды. Оның қорытындысы 30 тамызда қала күніне орай шығарылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті