Қару атудан, сапта тұрудан және психологиялық тесттен сүрінгендер бірден шекарада қызмет етуге жарамсыз деп танылып, жұмыстан қуылады. Ел шебін қорғауға міндеттілер алдымен қорғаныс киімін жылдам киюден шеберліктерін көрсетті. Алайда, офицерлердің епсіз қимылдарына қарап шеберлік деп айту тым артық болар. Қарудан атуды да қатырмады. Берілген 30 оқтың кем дегенде 18-ін нысанаға дәл тигізе алмай қалғандар да бар. Олар енді тым болмаса үш деген бағаны алып шығуға тырысып жатыр. Айта кету керек, аталмыш жоспарсыз аттестацияның офицерлер құрамынан басталғаны тегіннен емес. Естеріңізде болса, былтыр Шығыс Қазақстандағы заставалардың бірінен 11 сарбаз қашып кетсе, жақында Шаған шекара-бекетінде борышын өтеп жүрген бір сарбаз атылып өлген болатын.
Біржан Ералиев, Өскемендегі 2734 әскери бөлім офицері:
— Соңғы уақытта болған оқиғаларды өзгертеді деп сенемін. Осы аттестация. Оның барысында өзіміздің шекарашылар деңгейлерін, біліктіліктерін жоғарылатады деп сенемін.