Өскемендегі саяжайлардың бірінен екі әйелдің мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендегі саяжайлардың бірінен екі әйелдің мәйіті табылды

Өскемендегі саяжайлардың бірінен екі әйелдің мәйіті табылды

Өскемендік полицейлер қаладағы саяжайлардың бірінен қайтыс болған екі әйелдің мәйітін тапты деп жазады Altaynews.kz.

  • 2 Мамыр 2017
  • 254
Фото - Caravan.kz

"Светоч" бау-бақша қоғамдастығының күзетшісі хабарлағандай, 28 сәуір күні ер азамат өзінің әйелі мен енесін өлтіріп, олардың денелерін жертөлеге жасырыпты. Оның айтуынша, күдікті азамат 30 сәуір күні ұсталып, өзінің жасаған қылмысын мойындаған екен.

Оқиға орнына сол күні полицейлер барып, тергеу амалдарын бастап кеткен. ШҚО ІІД өкілдері әзірге бұл жайтқа байланысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартыпты. Әйелдердің нақты неден өлгені, жанжалға не себеп болғаны енді анықталады дейді полицейлер.

Бір белгілісі, қайтыс болған әйел мен күдікті ер азаматтың кішкентай ұл баласы болған.


Соңғы жаңалықтар