Салдарынан бүгін таңертеңнен бастап, тынысы тарылып, жүрек-қан тамыры аурулары асқынғандар емдеу мекемелеріне көптеп түсуде. Қаланы тегіс жайлап сейілмей тұрған газдың әсері әсіресе бүлдіршіндерге ауыр тиді. Емханаға балаларын ертіп келгендер бірауыздан сәбилерінің құсып, дене қызулары көтерілгендігін айтуда. Ал синоптиктер жуық арада жел соқпайтынын айтып, жергілікті кәсіпорындарға зиянды қалдықтарды ауаға уақытша тастамауды ескертіпті. Бірақ оған құлақ асқан Өскеменннің мырыш шығаратын алпауыт зауыттары жоқ.
Назым Талғатқызы, Өскемен қаласының тұрғыны:
— Газ басқан сайын жөтеліп, түнімен ауырып, құсып, температура көтеріле береді, дәрі-дәрмек ішіп ауруханадан шықпаймыз. Бала бақшағада көп бара алмаймыз ауырып жатамыз үйде.