Қаржы полициясы тәркілеп әкелген 85 жәшік ішімдіктің контрафакт екеніне қарап жатқан қаңғыбас жоқ. Ащы суды шөлмектеп, шамасы келгендері қорабымен жерге тигізбей қағып әкетіп жатты. Бұдан басқа, қоқыс алаңында 700 ойын автоматтары тас талқан етілді. Бұл аппараттар бір жыл бойы заңсыз қызмет етіп келген 4 онлайн-казинода тұрған.