Өскеменнің екі тұрғыны бүгін түнде найзағайдан зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменнің екі тұрғыны бүгін түнде найзағайдан зардап шекті

Өскеменнің екі тұрғыны бүгін түнде найзағайдан зардап шекті

Өскеменнің екі тұрғыны бүгін түнде найзағай түсіп зардап шекті. Жедел медициналық көмек ақпаратына сәйкес екі адам жеңіл жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Егде әйелдің жай түскен кезде сынған көп қабатты үйдің әйнек сынықтарынан иығы жарақаттанған. Жас жігіт оған құлаған ағаштан жабық ми жарақатын алған. Көмек алғаннан кейін екеуі де үйлеріне қайтты, деп мәлімдеді ТЖД.

  • 30 Шiлде 2016
  • 434
Фото - Caravan.kz

Коммуналдық қызметтер ТЖ және ПИК бірлесіп дауылды желмен ұласқан нөсердің салдарын жоюды жалғастыруда. Қазірде құлаған ағаштар құрсауынан 36 көлік босатылды. Тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қалада 76 ағаш құлады. Аврора көшесі бойынша 190 текше метр су ағызылды.

Аздаған үзілістен кейін тағы жауын жаууда. «Қазметеоқызметті» найзағайлы жауын әлі кемінде екі тәулікке жалғасатынын хабарланды.


Соңғы жаңалықтар