Жарияланды: 610

Өскеменнің мұражай-қорығында ескі ескерткіштердің галереясы пайда болды

Шығыс Қазақстан облысының архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафт мұражай-қорығына саясат қайраткерлері мен жазушылардың ескі ескерткіштері көшірілді, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

«Біздің мұражайда бұрын қала көшелерінде тұрған ескі ескерткіштердің галереясы құрылды. Владимир Ленин, Сергей Киров, Лев Толстой, Максим Горький, Владимир Маяковскийдің ескерткіштері қалпына келтірілді», - деп мәлім етті бейсенбі күні агенттікке «Шығыс Қазақстан облысының архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафт мұражай-қорығы» кәсіпорнының директоры Николай Зайцев. Алдағы уақытта көрнекті саясат және мәдениет қайраткерлерінің мүсіндері көбейе түсуі мүмкін, өйткені облыс аумағында қараусыз қалған ескерткіштер көп, деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть