Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Жаңа ғана менің гардеробымдағы ең құнды затты алып келді десем қателеспейтін шығармын. Түріме мән бермеңіздер, мейк жасап жатқанда, шыдай алмадым. Бұл жай ғана нәрсе емес, мен оны өмірімнің соңына дейін сақтайтын боламын.
Себебі бұл — Қыз Жібектегі Меруерт Өтекешованың нағыз өзінің камзолы. Бұл — Гүлфайруз Смайылованың қолынан шыққан туынды. Мен Меруерт Өтекешовамен өлшемдеріміз бірдей болғанына қатты қуандым. Келесі қазақ аруы — Қыз Жібекке, Меруерт Өтекешоваға айналады.
Ол қазақ кино өнерінің жауһары, мені жаһан естіген болар, осы камзол маған бұйырды», — деді ол.