Отандық кілемдер ТМД мен Еуропаға экспортталып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отандық кілемдер ТМД мен Еуропаға экспортталып жатыр

Отандық кілемдер ТМД мен Еуропаға экспортталып жатыр

[wpcode id="1694287"] Шымкенттегі кілем тоқитын кәсіпорын өндіріс қуаттылығын келесі жылы 10 миллион шаршы метрге дейін ұлғайтпақ. 2013

  • 9 Желтоқсан 2016
  • 782
Фото - Caravan.kz


Шымкенттегі кілем тоқитын кәсіпорын өндіріс қуаттылығын келесі жылы 10 миллион шаршы метрге дейін ұлғайтпақ. 2013 жылы «Индустрияландыру картасы» бағдарламасы аясында іске қосылған фабрика бүгінде еліміздегі ең ірі өндіріс орындарының сапына көтерілді деп хабарлады 24.кз.

Кәсіпорын кілем тоқумен қатар полипропилен жіптерін иірумен де айналысады. «Қазақстанда жасалған» деген белгімен шығатын өнімнің бүгінде 30 пайызы ТМД елдерімен қатар Еуропаға экспортталады. Зауыттағылар 2017 жылы бұл көрсеткішті 70 пайызға дейін көтеруді көздеп отыр. Осылайша текстиль саласын дамытпақ. Индустрияландыру күні аз ғана уақыттың ішінде оңтүстіктің брендіне айналып үлгерген кілем зауытындағы үздіктер марапаттады. Бауыржан Ергешбайұлы, кәсіпорын қызметкері: — Өңдеу өнеркәсібінің дамуы елдің экономикасының жарқын көрінісінің көрсеткіші болып табылады. Біздің кәсіпорынның іске қосылуы елімізде жүргізіліп жатқан индустрияландыру бағыты аясында жастар өздерінің кәсіби біліктілігін арттырып, жақсы жұмыс атқарып жүр.

 

Соңғы жаңалықтар