Жарияланды: 710

Отандық жоғары оқу орындарының ректорлары жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуге баса назар аударуы керек - Қайрат Келімбетов

Астана. 25 қыркүйек. ""Қазақстан Бүгін"" - Отандық жоғары оқу орындарының ректорлары жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуге баса назар аударуы керек. Бұл туралы Астанада еліміздің жоғары оқу орындарының ректорларымен кеңес өткізген президент әкімшілігінің жетекшісі Қайрат Келімбетов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасап.

"Еліміздің дамуындағы ұлттық стратегияны іске асыруда шешуші рөль атқаратын мәселенің бірі - білім. Мемлекет басшысы мұны үнемі айтады. Ал, ағымдағы жылдың сәуір айында ұлттық университеттердің ректорларымен кездесуінде жоғары білімнің негізгі міндеттерін айқындап берген еді. Ұлттық жоғары мектеп мемлекет басшысы берген нақты 5 тапсырманы іске асыруы керек",- деді әкімшілік жетекшісі. Бас қосуда Елбасы жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру және халықаралық тәжірибе мен отандық ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, Қазақстандық білімді жаңа деңгейге көтеру мәселесі талқыланды. Қайрат Келімбетовтың айтуынша, "Ұлттық жоғары оқу орындары отандық университеттердің арасында алдыңғы сапта болып, халықаралық аккредитацияға көшулері тиіс. Халықаралық аккредитация оқу ошақтарының бәсекеге қабілеттілігін айғақтап, ректорлар қызметінің нәтижесін көрсетіп береді" "Мемлекет Басшысының жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу туралы тапсырмасы мемлекеттік және стратегиялық тұрыдан аса маңызды мәселе. Бұл бағытта да күнделікті тынбайтын, жүйелі, келісімді жұмыс жасау керек",- деді Қ.Келімбетов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін