"Отбасымен қандары бұзық": Сотталған Ұлжан Елмұратованың анасы мен әпкесінің қылығы елді шошытты (Видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Отбасымен қандары бұзық": Сотталған Ұлжан Елмұратованың анасы мен әпкесінің қылығы елді шошытты (Видео)

"Отбасымен қандары бұзық": Сотталған Ұлжан Елмұратованың анасы мен әпкесінің қылығы елді шошытты (Видео)

Ел арасында "боғауыз завуч" деп танылып кеткен Ұлжан Елмұратова 6 жылға сотталған болатын

  • 17 Мамыр
  • 150
Фото - Caravan.kz

Сот процесінің басы-қасында жүрген қоғам белсендісі Құрал Сейітхан әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Видеода айыпталушының анасының, әпкесі мен хиджабтағы сіңлісінің өрескел қылықтары анық көрсетілген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Аталмыш видеода Ұлжан Елмұратованың жақындарының сот залының терезесін сындырып кеткені де айтылған.

«Сот Ұлжан Елмұратованың қоғам үшін қауіпті екенін ескерді.

Сонымен Ұлжан Елмұратова деген Бадам халқын зар жылатқан атақты жалақорды алаяқтық жасады деп танылып ҚР ҚК 190-бабының 3-ші бөлігінің 1-ші және 4-ші тармағы бойынша кінәлі деп танылып 3.5 (үш жарым) жылға сотталды және полиция қызметкерін бопсалап ірі көлемде ақша алғаны үшін бопсалаушы деп танылып 194-баптың 3-ші бөлігінің 2-ші тармағы бойынша кінәлі деп танылып 5.5 (бес жарым) жылға сотталды.

Оның кәмелетке толмаған төрт баласы оның күйеуінің қамқорлығына берілді.

Жәбірленген азаматтардың арыз талаптары толық қанағаттандырылды.

Ал мына видеодан Ұлжан Елмұратованың анасы мен сіңлілерінің Ұлжаннан асып түспесе кем түспейтінін көруге болады. Анау хиджап киген сіңлісінің маған факю көрсетіп бара жатқанын анық көруге болады. Негізі бұл видеода олардың көрсеткен өнерлерінің жүзден бірі ғана көрінді. Барлық өнерлерін видеоға түсіруге полиция қызметкерлері мүмкіндік бермеді. Әйтпесе неше түрлі сұмдықты көрер едіңіздер. Бұлар әлі қаншама жандарды зар еңірететінін уақыт көрсетер. Құдай бетін әрмен қылсын», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары да Ұлжан Елмұратованың жақындарының бұл әрекетінен шошынып қалғандарын жасырмады.

«Масқара, ұят-ай», «Дардай әйел басында орамал, етігін ашқаны несі», «Етерген көтерген анасы ғой. Шешесі осындай болса, қыздары қайда барсын», «Отбасымен қандары бұзық адамдар екен», «Шешесінің түрі анау, қыздары одан асады. Отбасымен бәлеқорлар», «Ұятсыздар», «Мына әйелдерден құдай сақтасын», «Тұқымы келіспеген отбасы екен», «Мына тірліктерінен адам қорқады», — деп жазды олар.

Еске сала кетейік, Ұлжан Елмұратова Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылындағы орта мектептердің бірінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып қызмет атқарған. Педагогтың оқушыларды балағаттаған видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қоғамның қатаң сынына ұшыраған болатын.