Отбасындағы ұрыс-керіс пен әйелдің мінез шығаруы көбінесе еркектің күнәлары себебінен болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отбасындағы ұрыс-керіс пен әйелдің мінез шығаруы көбінесе еркектің күнәлары себебінен болады

Отбасындағы ұрыс-керіс пен әйелдің мінез шығаруы көбінесе еркектің күнәлары себебінен болады

Отбасындағы ұрыс-керіс пен әйелдің мінез шығаруы көбінесе еркектің күнәлары себебінен болады.

  • 14 Тамыз 2019
  • 388
Фото - Caravan.kz

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Бастарыңа келген қандай да бір ауыртпашылық қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Алла көбін кешіп жібереді», — дейді («Шура» сүресі, 30-аят).

Тіпті, Ислам ғалымдарының бірі: «Мен егер бір күнә жасап қойсам, сол күнәмнің әсерін әйелім мен мінетін көлігімнің мінез-құлқынан кездестіремін», — деген екен. Иә, адам күнәсі себепті жанұясындағы жақсы да жайдарлы қарым-қатынастардан ажырап, мінетін көлігінде де, істейтін тірлігінде де көптеген сәтсіздіктерге жолыға беретін болады. Ал ол нәрсе оның жүйкесін жұқартып, құлшыныстарын азайтып қояды. «Күнәнің жазасы — соңынан келетін тағы бір күнә, ал жақсылықтың сыйы — соңынан келетін тағы бір жақсылық» екенін ұмытпайық. Сондықтан алдымен кінәні өзгеден емес, өзіңізден іздеңіз. Аллаға жақындап, Одан жәрдем, кешірім тілеңіз. 

Сүлеймен пайғамбар (а.с) бәну Исраил тайпасына жаңбыр сұрап дұға қылғанда, Алладан жәрдем сұрап жатқан жердегі құмырсқаларды көреді. Олар: «Иә, Алла, бақытсыздық тек күнәнің себебінен болады, қиындықты тек Аллаға жалбарынып, тәубе ету арқылы ғана шешуге болады. Біз сенің жаратылыстарыңның біріміз, ендеше, бізді адамдардың күнәсі үшін өлтіре көрме!» — дейді. Осыдан кейін жаңбыр жауады. Сонда Сүлеймен (а.с): «Құмырсқаның жасаған дұғасы жеткілікті болды, енді барлығың Аллаға мойынсұнуға қайтыңдар», — деген екен.

Демек, әйеліңіз үнемі ашушаң болса, үнемі ызыңдап мазаңызды алса, қырсықса, қанағатсыздық танытса, мұның барлығында өзіңіздің де үлесіңіз бар екенін біліңіз.


                                                                                                                                       Ақпарат көзі: ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕЛЕР

Соңғы жаңалықтар